Маған сәйкес келетін «1С-Битрикс: Веб-сайтты басқару» лицензиясын қалай таңдау керек?
«Стандарт» – корпоративтік портал үшін ең қажетті құралдар жиынтығы. Бұл лицензия интернет-дүкен функционалысыз кез келген күрделіліктегі сайт пен лендинг жасауға мүмкіндік береді.
«Шағын бизнес» базалық «Интернет-дүкен» модулін қамтиды. Каталогта шексіз тауар орналастыруға, тапсырыстарды, жеңілдіктер мен жеткізуді басқаруға және «1С»-пен интеграциялауға мүмкіндік береді. Лицензия толыққанды интернет-дүкен ашуға, сайт контентін басқаруға және тапсырыстарды өңдеуге арналған.
«Бизнес» – онлайн-сатуды дамыту, конверсия мен табысты арттыру мүмкіндіктері бар интернет-дүкендерге арналған лицензия. «Шағын бизнес» лицензиясының артықшылықтарына қоса, дилерлік сату, электронды тауарлар, орташа чекті арттыру құралдары (жиынтықтар мен комплектілер), адалдық бағдарламалары мен серіктестік жүйелерді іске қосуға мүмкіндік береді.
Бірнеше баға түрі мен қойма жүйесін қолдану мүмкіндігі бар.
«Энтерпрайз» – орта және ірі интернет-дүкендерге, аймақтық және ұлттық желілерге арналған ең толық лицензия. Онлайн-сатуды барлық арналарда біріктіріп басқаруға, бизнесті шектеусіз масштабтауға және компания инфрақұрылымына интеграциялауға мүмкіндік береді. Бұл — жоғары өнімді және сенімді шешім.