Блог | ONELAB веб-студиясы
+7 (700) 700 71 77 info@oneit.kz

IP-телефонияның артықшылықтары

13.08.2021

Әрқашан байланыста болу – заманауи бизнестің басты қағидаларының бірі.

Бүгінгі күні телефон қоңыраулары клиентпен байланыс орнатудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Егер сіздің менеджер қоңырауға жауап бермесе – оны сіздің бәсекелесіңіз қабылдайды, ал бұл сатылымның төмендеуіне және табыстың азаюына әкеледі.

IP-телефонияны енгізу жіберіп алынған қоңыраулар мәселесін шешіп, сатылымды жүйелеуге көмектеседі.

Телефонияны компанияңызға енгізу не береді?

  1. CRM жүйесімен интеграция – қоңыраулар енді жоғалып немесе ұмытылып қалмайды.
  2. Қоңырауларды жазу – қызметкерлер әңгіме жазылып жатқанын білсе, клиенттермен неғұрлым кәсіби әрі сыпайы сөйлеседі.
  3. Байланыс тарихы – әр кіріс қоңырауы кезінде клиент картасы жасалады және болашақта бұл клиент сол менеджерге қайта қосылады.
  4. Маршрутизация және қоңырауларды қайта бағыттау – барлық қоңырауларды бөлімдерге бөлуге болады, сонымен қатар ішкі нөмірлер арқылы қызметкерлер арасында байланыс орнатылады.
  5. CRM жүйесінен қоңырау шалу – бар болғаны клиент картасындағы бір батырманы басу жеткілікті!

Неліктен дәл IP-телефония?

Қарапайым тілмен айтқанда, IP-телефония – бұл интернет арқылы жүзеге асатын байланыс түрі. Пайдаланушы үшін айырмашылық байқалмайды, ал қазіргі таңда бизнес үшін аналогтық телефонияны пайдалану сирек кездеседі, себебі ол күрделі әрі қымбат.

IP-телефонияның артықшылықтары:

  • Масштабталу мүмкіндігі – оны қосу үшін жергілікті жабдықтың қажеті жоқ.
  • Барлық IP-нөмірлер көпарналы болып табылады.
  • Мобильділік – сіз сымдарға және телефон желілеріне тәуелді емессіз, жұмыс істеу үшін тек интернет керек.
  • Тарифтердің төмен құны – қалааралық және халықаралық қоңыраулар үшін төлем болмайды, бизнесіңізге ыңғайлы тарифті таңдауға болады.
  • Баптаудың қарапайымдылығы мен қолжетімділігі.
  • Қоңырауларды жазу – егер сіз CRM жүйесін әлі орнатпаған болсаңыз да, барлық қоңыраулар провайдердің серверінде сақталады.
  • Интернет болмаған жағдайда қоңыраулар қызметкерлеріңіздің мобильді телефондарына бағытталады.

Біздің студия Казтехносвязь компаниясының қызметін пайдаланады. Дәл осы IP-телефонияны енгізу және пайдалану бізге әрдайым байланыста болуға мүмкіндік береді — тіпті қазір, барлық қызметкерлер карантин салдарынан үйден немесе тіпті орманнан жұмыс істеген кезде де (иә-иә, бізде ондай да болады #өзизоляция).

IP-телефония – сатылымды арттыруға арналған тиімді құрал. Егер сіз қызметкерлеріңіздің өнімді жұмысын және компания табысын көбейтуді қаласаңыз, бізбен хабарласыңыз – қосылуға көмектесеміз! Толығырақ білу

Возврат к списку