Биыл мамыр мерекелері біздің компания үшін тағы бір маңызды күнмен тұспа-тұс келді.
2018 жылдың 8 мамырында ONELAB веб-студиясы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті!
Осы 10 жыл ішінде біз көптеген қазақстандық және жақын шетелдік компаниялар үшін сенімді және тәжірибелі серіктеске айналдық.
Біздің командамызда сертификатталған мамандар мен өз ісінің кәсіби шеберлері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде біз «1С-Битрикс» компаниясының «Алтын сертификатталған серіктесі» және «Ұсынылатын хостинг серіктесі» мәртебесіне ие болдық. 10 жыл ішінде біздің мамандар сансыз жобаларды жасап, сүйемелдеп, қайта өңдеп шықты, және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз!
P.S. Өкінішке орай, корпоративтік отбасылық демалысқа барлық қызметкерлер қатыса алмады, бірақ бұл біздің болашағына сеніммен қарайтын ұйымшыл ұжым екенімізді өзгертпейді!